2024 жылдың 1-2 наурыз күндері  Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде Жастар саясатын дамытуға арналған халықаралық семинар-кеңес өтті. Пленарлық отырыстарға Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетел университеттерінің екі жүзден астам өкілдері, жоғары білім және жастар саясаты саласындағы жетекші сарапшылар, сонын ішінде ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері қатысты.

Аталмыш шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білім және менеджмент институтының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті жетекшісінің м.а. Нурманова А.К. және жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары – «Мәдени-тынығу жұмысы» БББ-ның 2 курс студенті Турегалиева А.Е., «Сәулет» БББ-ның 2 курс студенті Мамутова С.А. қатысты.

Семинар барысында жас ұрпақты рухани тәрбиелеу мен Абай Құнанбаевтың «Толық адам» концепциясына сай тұлға қалыптастыру мен әділетті қоғам құру негіздері талқыланып, пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, ҚР ҒжЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан белсенді студенттермен кездесіп, пікірлерін тыңдап, жастар жобаларын талқылады. Семинарға тек еліміздің ЖОО ғана емес, Германияның Анхальт университетінің, Палацк университетінің және Баку Славян университетінің өкілдері, Қазақстан студенттерінің республикалық альянсының төрағасы Ұлан Нәукен қатысты. Алдағы уақытта осындай тұлғалық қалыптастыру семинарларын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz