2023 жылдың 20 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық университетінің 7М01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары А.Ж.Хабиева, Н.Н.Ғабдрахимова, Ә.Ә.Оразғали, С.Т.Жулкашеваның ұйымдастыруымен, «Педагогика және психология» және «Психология» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар барысында ұйымдастырушылар болашақ мамандарды білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыра отырып, заманауи психологтың кәсіби құзіреттіліктері жөнінде тәжірбие алмасу, студенттердің кәсіби қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мәселелерін сөз етті. Магистранттар «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастыру», «BANI-әлем баласына ұлттық құндылықтарды дарытудың цифрлық және психологиялық аспектілері» тақырыптарында тәжірибелік ой бөлісіп, «Жақсы көңіл күй – жан азығы», «Қарым- қатынас» тренингтерін ұйымдастырды. Семинар-практикум соңында студенттермен сұрақ-жауап форматындағы кері байланыс жүзеге асырылды.


