2023 жылғы 14 желтоқсанда БҚО ПД және БҚИТУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде құқық кафедрасының жұмыс жоспарына сай 6В04202 Құқықтану, 6В04203 Сот-прокурорлық қызмет, 6В04207, Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлерімен жылжымалы криминалистикалық зертхананың жұмысы көрсетілді.

БҚО ПД ЖКБ-ның бас криминалисті полиция подполковнигі Аслан Меңдібайұлы Малаев студенттерге «Фольсваген-крафтер» автомашинасының базасында жабдықталған жылжымалы криминалистикалық зертхананың жұмысын көрсетті.

Жылжымалы зертханада заманауи жоғары технологиялық криминалистикалық техника, атап айтқанда қолдың, аяқ киімнің, автокөлік құралдарының, биологиялық одорологиялық объектілердің іздерін алуға, көрінбейтін іздерді анықтау үшін жарық сүзгілерін қолдануға арналған аспаптар, металл детекторының жұмысы және үстел бетінен саусақтардың іздерін алу көрсетілді. Оқиға орнын сканерлеу технологиясы көрсетілді. Білім алушыларр генераторлармен жабдықталған жылжымалы криминалистикалық зертхананың ішкі жабдықтарымен және орналасуымен танысты. Қала мен облыс аумағында тәуліктің кез келген уақытында криминалистердің жұмысына арналған қосымша жарықпен, шатырмен, генератор және арнайы құралдармен жабдықталған.

Осы уақыт ішінде ЖКЛ өзін ауыр қылмыстарды ашуға көмектесетін сенімді, сұранысқа ие құрал ретінде көрсетті. Бұл жылжымалы зертхана облыс аумағы бойынша кісі өлтіру, қарақшылық, ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғасы сияқты ауыр қылмыстарға барады.

Стейкхолдер жылжымалы сот зертханасы арқылы айқын емес ауыр қылмыстарды сәтті ашудың мысалдарын айтып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz