20 желтоқсанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Альметьевск мемлекеттік мұнай институты арасында ғылым және білім саласындағы халықаралық келісімшарт негізінде «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасында: «Білім, ғылым және техникада инновациялық технологиялар: мәселелер, тенденциялар, перспективалық даму» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқу үдерісіне инновациялық технологиялар мен педагогикалық тәжірибені енгізудің рөлі, жасалған келісімді жүзеге асыру мақсатында маңызды мәселелерді талқылау, БҚИТУ мен АГНИ арасында ғылым және білім саласында екіжақты халықаралық байланыстар орнату.

Алғы құттықтау сөзімен университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры – Иванов Алексей Федорович (Алметьевск қаласы, Ресей Федерациясы, Альметьевск мемлекеттік мұнай институты) және салалық технологиялар институтының директоры – Билашев Бауыржан Акимжанович (БҚИТУ) сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында келесі баяндамалар жасалды:

  1. «БҚИТУ мен АГНИ арасындағы халықаралық ынтымақтастық нысандары туралы», академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі Майранова Ляззат Нурболатовна (БҚИТУ);
  2. «Білім беру бағдарламаларын қалыптастырудағы инновациялар» (miner, жұмысшы мамандықтар), т.ғ.к., доцент Ильина Ида Малиховна (АГНИ);
  3. «Студенттер мен оқытушыларға арналған цифрлық ЖҚД», т.ғ.к., доцент Зарипова Зульфия Филаритовна (АГНИ);
  4. «Заманауи ақпараттық технологиялар негізінде оқу мотивациясын қалыптастыру», т.ғ.к., кафедраның қаум.профессоры Чурикова Лариса Алексеевна (БҚИТУ).

Дөңгелек үстел соңын «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының меңгерушісі Ахметжан Самал Закиқызы қорытындылады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz