Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы БҚИТУ салалық технологиялар институтының педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда “Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі” тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқу процесінің нәтижелілігін жетілдіру болып табылады.
Оқыту әдістемесінің әртүрлі түрлерінің кезектесуі сабақтағы жұмыста шаршау мен біртектілікті болдырмауға мүмкіндік береді, оқытушы ұсынған ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны құруға қатысатын студенттердің белсенділігі мен бастамашылығы ынталандырылады.
Кафедра ғалымдары мен оқытушылары бейіндік пәндерді оқытуда ұсынылған әдістерімен таныстырды: оқу-зерттеу жұмыстары, интерактивті тақтаны пайдалану, іскерлік ойын түрінде сабақ өткізу, сондай-ақ танымал “дөңгелек үстел”әдісін қолдану.
Тәжірибе алмасу іс-шаралары оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру үшін жақсы мектеп болып табылады.


