22 желтоқсанда салалық технологиялар институтының БҚИТУ «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасында «Оқытушыларды ғылыми негізде әдістемелік даярлаудың тиімді әдісі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Бұл әдістемелік семинар теориялық талдаулар мен педагогикалық эксперимент нәтижелеріне негізделген оқытушыларды ғылыми даярлау процесінің мәнін, мазмұнын, құрылымын және тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруға бағытталған. Әдістемелік семинарды т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Самал Закиқызы Ахметжан өткізді.

