8 сәуір 2023 жылы Оралда 10 шағынауданда «Жасыл желек» жастар экологиялық акциясы өтті. Акция барысында шағынаудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды.
Экологиялық акцияға өңір басшысы Нариман Төреғалиев, жергілікті жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің топ эдвайзерлдері мен 50 студенті , «Жасыл Ел» еңбек жасақтары сарбаздары мен еріктілер қатысты.
Шағынаудан аумағында сүмбіл терек, сирень, шетен ағаштарының 300-ге жуық көшеттері егілді.
Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі
