БҚИТУ инженерлік – гуманитпрлық факультеті «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушылары И.Б. Шынтемір және А.М. Ғайнешова 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 2,3 курс студенттерімен «Компьтерлік желілер», «Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері» пәндері бойынша «Фирма Сервер+» ЖШС-де тәжірибе – бағытталған сабағы ұйымдастырылды.
Тәжірибе – бағытталған сабағы барысында «Фирма Сервер+» ЖШС-ң техникалық директоры Е.В. Юхименконың қатысуымен келесідей сұрақтар қарастырылып, талқыланды:
FDDI және СDDІ стандарттарының айырмашылықтары;
Қазіргі заманғы ЭЕМ ресурстары.
Е.В. Юхименко студенттерді мекеменің негізгі бөлімдерімен: полиграфия бөлімі, сату бөлімі, IT және техникалық қызмет көрсету бөлімдерімен таныстырды. Тәжірибе – бағытталған сабақ барысында студенттерге негізгі құрылғылармен таныстырып, жұмыс жасау процесін және жөндеу жолдарын көрсетті.


