Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру және университеттің халықаралық академиялық және әріптестігін кеңейту мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті студенттеріне дәріс беру үшін шетел ғалымдары мен зерттеушілерін ұдайы шақыртып отырады.

Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 31 наурыз – 09 сәуір аралығында Белгород ұлттық ғылыми зерттеу университетінің профессоры., п.ғ.д. Ф.И.Собянин  «6В01401 Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курсының білім алушыларына «Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәні  бойынша дәріс оқып, практикалық сабақ жүргізді.

Студенттер мен оқытушылар әріптесіміздің зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын танытып, пікір алмасып өз ойларын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz