2023 жылғы 17 ақпанда «QAZPATENT» ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен өңірлік жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер палаталары, аумақтық әділет органдары өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің қатысуымен «Географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау және олардың қазақстандық брендтерді дамытудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оздырылған іс-шара аясында ұлттық және халықаралық деңгейде географиялық көрсеткіштерді қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстандық өнімнің бірегей брендтерін құруға және ілгерілетуге, сондай-ақ еліміздің ауылдық өңірлерінің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін перспективалы бағытты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz