2022-2023 оқу жылының 1-семестрінде Инженерлік-гуманитарлық факультетінің 10 білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 106 студенті және 9 магистранты қосымша кәсіби біліктілік курстарын сәтті аяқтап, кәсіби біліктілік куәліктеріне ие болды.
Инжиниринг және кәсіптік сертификаттау орталығы арқылы ұйымдастырылған кәсіби біліктілік курстары, болашақта, білім алушылардың және түлектердің, таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына көмектеседі деп сенеміз.