2023 жылдың 20 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушылары Тогашева Дина Сагндыковна мен Аймешева Жаннат Александровна «Қаржы» БББ-ның, «Есеп және аудит» БББ-ның 1,2,3 курс студенттеріне Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында практикаға бағытталған сабақ өткізді. Кадр бөлімінің басшысы Сәуле Бактыгалиевна студенттерге экскурсия жүргізіп, басқарманың барлық бөлімдерінің жұмысымен таныстырды.

Кездесу жоғары деңгейде өтті.Әр бөлімнің мамандары студенттерге өздерінің күнделікті жұмыстарын толық түсіндіріп, бағдарламаларда жұмыс жасау ретін көрсетті. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарына нақты жауап алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz