25.01.2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Габдуловтың және Г.К.Дуйсалиеваның ұйымдастыруымен «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының жоспарына сай, дуальді білім беру бағытында 4 курс студенттеріне «Прокурорлық қадағалау» пәнінен «Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысына прокурорлық қадағалау» тақырыбында Орал қаласы Прокуратурасының бөлім аға прокуроры кіші әділет кеңесшісі Утемисов Махат Рафхатұлымен дәріс оқылды.

Дәріс барысында студенттерге сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында прокурорлық қадағалаудың басталуы, ұйымдастырылуы мен жүргізілуі туралы мәліметтер толықтай жеткізілді. Бұдан басқа студенттердің қызығылушылықтарымен қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

Дәріс соңында студенттер тарапынан өз тәжірибесімен бөлісіп дәріс оқығаны үшін М.Р.Утемисовке алғыс білдірілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz