2023 жылдың 25 қаңтар күні БҚИТУ Тілдер және менеджмент, Педагогика факультетінде «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандарымен студенттердің кездесуі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушы студенттер арасында қаржылық алаяқтықтың әртүрлі түрлері және қаржылық қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы базалық түсініктерді қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Кездесуге БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас маманы Динара Тельманқызы Есениязова, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің криминалистика бөлімінің басшысы, экономикалық тергеу қызметінің капитаны Азамат Днаманович Аубакиров және криминалистика бөлімінің бас криминалисті,  экономикалық тергеу қызметінің майоры Армат Кайдаргалиевич Колганатов қатысып, студенттерге халық арасында кеңінен таралып кеткен «қаржылық пирамидалары», оның зардабы туралы айтып өтті. Қазіргі таңда кеңінен танымал қаржылық пирамидалар жайлы бейнеролик көрсетілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz