ХХХІ қысқы Дүниежүзілік Универсиадада (Лейк-Плэсид қаласы, АҚШ) шорт-тректен аралас эстафетада Қазақстан құрама командасы күміс медалін жеңіп алды. Команда құрамында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Алина Ажгалиева және Алішер Абулкатимов өнер көрсетті.
Университет ұжымы жеңімпаз студенттерімізді табыстарымен құттықтап, биік белестерді бағындыра беріңіздер деген тілек айтады.
