Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 4 қарашада БҚО Татуласу орталығында медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өткізілді.
Сөз сөйлеу алаңына БҚО ҚХА кәсіби және қоғамдық медиаторлары, БҚИТУ-дың «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ КазИжТЖУ оқытушылары мен оқу орны жанынан құрылған «Жас медиатор» үйірмесінің мүшелері, сонымен қатар мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының тыңдаушылары қатысты.
Бұл жиынның барысында, еліміздегі этномедиацияның даму бағыттары мен оның өзекті мәселелері туралы кең талқылау орын алды.
Шара соңында, «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Габдулов, «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасы аясында өзге оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік-бағдарлық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, болашақта университетте білім алуға шақырды.
Жалпы, іс-шара өркениетті қоғамда бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуды қалыптастыруға бағытталды.
