Студент жастар арасында құқық бұзушылықтың, есірткіге тәуелділіктің және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу мақсатында «Закладчики», «Три дозы», «Хулиганка» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Аталған фильмдер жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің салдарын түсіндіру және қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру бағытында ұсынылды.
Көрсетілім барысында студенттер деректі фильмдерде көтерілген өзекті мәселелермен танысып, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде маңызды ақпарат алды. Мұндай профилактикалық жұмыстар жастардың теріс әрекеттерден бойын аулақ ұстап, саналы азаматтық ұстаным қалыптастыруына ықпал етеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттерге арналған деректі фильмдер циклін жүйелі түрде көрсету, тарату, сондай-ақ қосымша медиалық өнімдер мен әлеуметтік бейнероликтерді насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Осыған байланысты оқу процесі мен тәрбие жұмыстары аясында аталған деректі фильмдер мен бейнероликтерді кеңінен қолданып, олардың тәрбиелік және профилактикалық әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосады.