2022-2023 оқу жылының 03 қарашасында «Көлік және технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, PhD докторы А. Н. Омаров, техника ғылымдарының кандидаттары Г.М. Жазықбаева және М.А. Бахерев «Материалтану. Конструкциялық материалдар технологиясы» пәндерінің теориялық материалын игеру мақсатында «КазАрмапром» ЖШС-де білім беру бағдарламасы бойынша 6В11301- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 6В07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 6В07104 – Технологиялық машиналар мен жабдықтарының білім алушылары үшін тәжірибеге бағдарланған сабақ ұйымдастырылды.

Тәжірибеге бағытталған сабақ нақты практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды орындау арқылы практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті. Ұсынылған мүмкіндік үшін «КазАрмапром» ЖШС басшылығына, сондай-ақ бас инженер Максим Анатольевичке жемісті ынтымақтастығы үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz