БҚИТУ жалпы білім беру пәндері кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес 2026 жылғы 12 мамырда аға оқытушылар Шалаев Б.Б. мен Утебалиев М.М. қала мектептері оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа №20, №21, №23, №24, №27 жалпы орта білім беретін мектептері мен №38 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Алты команда жүлделі орындар үшін тартысты сайыс көрсетті. Нәтижесінде орындар төмендегідей бөлінді:

  • І дәрежелі дипломды №24 ЖОББМ оқушысы Ж. Кенжетаев иеленді.
  • ІІ дәрежелі диплом №20 ЖОББМ оқушысы Қ. Қойшыбаевқа бұйырды.
  • ІІІ дәрежелі дипломды №38 мектеп-лицейінің оқушысы С. Мендіғалиев алды.

Жарыстың бас төрешісі Шалаев Булат Бердікешұлы жеңімпаздарды дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапаттап, оқуларына табыс тіледі және БҚИТУ-дың жарнамалық буклеттерін таратты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz