2022 жылғы 28 қазанда «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Геодезия» пәні бойынша «Геодезиялық аспаптар мен құралдар, нүктелердің координаттарының тізімін есептеу» тақырыбында 6В07301 «Сәулет» білім беру бағдарламасының Арх-22 топ білім алушыларымен ашық сабақ жоспарланып өтті. Тәжірибелік сабаққа қатысқан студенттер «Нүктелердің координаталарын есептеу» заманауи бағдарламасы бойынша жұмыс істеу дағдыларын көрсетті, бастапқы шығу материалдарын алғаннан кейін оларр аймақты анықтауға кірісті. Білім алушылар теодолит (Т30), невелир (Н3к), өлшегіш лента секілді геодезиялық аспаптардың құрылымы мен түсінігін айтып берді.
Практикалық сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың барлық кезеңдері ойластырылған. Оқытушы оқу процесін талапқа сай ұйымдастыра білді. Студенттер геодезиялық аспаптармен жұмыс істеу дағдыларын, білімдерін жақсы деңгейде көрсетті, есептеулерді жүргізе алды.

