Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Токаевтың Жолдауындағы медиация институттарының дамуы тапсырмасын іске асыру мақсатында, 2022 жылдың 28 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Татуласу орталығының ұйымдастыруымен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің студенттері арасында 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай, «Медиация-ынтымақ пен бірліктің бастауы» атты дебат интеллектуалдық сайысы өткізілді. Аталған шараға төреші ретінде «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.Ж.Габдулов және дебат сайысының І кезеңінде жеңіске жеткен «Элита» командасы мүшелері көрермен ретінде шақыртылып, тамашалап қайтты.

Шара соңында, жеңіске жеткен топ және үздік спикерлер марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz