2022 жылдың 21-24 ақпан аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінде студенттік пәндік олимпиада оздырылды.
Олимпиада университеттің 13 білім беру бағдарламасы бойынша өткізілді.
Бұл шара болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілетін анықтау үшін өткізілді, сонымен қатар дарынды студенттік жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Бәріміз білетіндей, олимпиада – тек нақты материалды білуін ғана емес, сонымен қатар бұл білімді, шығармашылық ойлауды талап ететін, жаңа ерекше жағдайларда қолдану білігін анықтауға мүмкіндік беретін, белгілі бір білім саласындағы студенттердің зияткерлік сайысының түрі.
Студенттік олимпиада екі турдан құралды. Кафедраларда құрылған комиссия І турдың нәтижелерін саралап, үздік танылған студенттерді ІІ турға жіберді.
Студенттік олимипада қорытындысы бойынша ең жоғары балға ие болған студенттер диплом, жеңілдік сертификаты және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Студенттік олимпиада жеңімпаздары: Ажигалиева Аида БЖД 32 тобының студенті, Жақсылықов Жанболат БЖД 34 тобының студенті, Валиева Рамина ВМ 31 тобының студенті, Құрамысов Ислам НД 32 тобының студенті, Беляев Алексей ЭЛ 32 тобының студенті, Бердашева Арина ОП 32 тобының студенті, Джумагалиев Темирлан ТТТ 31 тобының студенті, Гринцевич Георгий ВТ 32 тобының студенті, Сериков Сұлтан ИС 31 тобының студенті, Серикбай Елнур ПРОП 31 тобының студенті, Мерғали Ділара Юр 31 тобының студенті, Васильев Александр Арх 32 тобының студенті, Касумова Мадина Зу 32 тобының студенті, Овсянников Данила Стр 32 тобының студенті.
Әрине барлық қатысушылар жүлделі орын алуға ұмтылыс танытқанымен, жеңіс барлығына бұйырмайды, сайыстың аты сайыс. Алайда студенттік олимпиадаға қатысқан әрбір студенттің қабілеті мен мүмкіндігін, жеңіске деген талпынысын айта кеткен жөн.
Құрметті студенттер өмірде өзіне талап қоя білетін, жаңашылдыққа дайын, әрдайым өз қабілетін дамытуға тырысқандар ғана өз бойындағы зияткерлік әлуетін әйгілей алады. Біз сіздерге сенеміз, сіздермен мақтанамыз. Сіздерді әрдайым ұлы жеңістер мен шығармашылықтың биік шыңдарынан көрейік.
Инженерлік-гуманиатрық факультеті деканы
Б.А.Билашев


