4 наурыз күні акт залында педагогика факультеті мен тілдер және менеджмент факультетінің әйелдер ұжымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға арналған салтанатты концерт өтті. Концерттік бағдарлама ер азаматтар ұжымымен дайындалды.




Салтанатты концертте құттықтау грамоталары табыс етілді:
- Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиевтен (Б.Ғ. Шынтемірова, С.А. Машанова, А. А. Раманов, Р.И. Абдрахманова, Б.С. Жұмақаева, А.А. Тасимова);
- Орал қаласының әкімі А. Шыныбековтен (А. Е. Бижанова, Г. В. Уракчинцева, Г. М. Үмбетова, Д. Ж. Құсайынова, У. К. Доукариева, Б. Б. Суханбердина марапатталды);
- университет ректоры Р.С. Габдуалиевадан (Б.К. Баймуханова, А.О. Сагингалиева, Э.А. Шуренбаева, Г.Ж. Матжанова, А.Т. Абужалитова, Г.А. Жумагулова, Д.Ж. Абдрахманова, Ж.У. Абуова, И.С. Дленова, Р.Т. Елеусинова, Е.Н. Белянина, М.С. Шинтемирова);
- Сонымен қатар, құрылтайшылардан материалдық ынталандырулар табыс етілді (Б.А. Уразова, Н.Ж. Султаниязова, А.С. Абуова, Ж.М. Жайлибаева, А.Б. Арыстанова, Л. В. Федорченко, Д.С. Тогашева, Г.К. Айтжанова, А.Е. Абухан, А.Г. Камиева, С.А. Аристанова және т. б.)




Концерттік бағдарлама барысында педагогика факультеті мен тілдер және менеджмент факультетінің ер азаматтар құрама хоры, А.С. Мұханбетқалиев, С. Захаров, К. Төлегенов және т. б. жеке және дуэтті өлең-әндерімен өнер көрсетті. .
Барлық әйелдер ұжымына гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Концерттен ұжым көптеген жағымды эмоциялар мен көктемгі-мерекелік көңіл-күйге ие болды!







