Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Білім беру ұйымдарындағы менеджмент және көшбасшылық» (қазақ және орыс тілдерінде) тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының ашылғанын хабарлаймыз. Курс көлемі – 120 сағат.
Аталған курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Сараптамалық кеңесі тарапынан келісіліп, тізілімге енгізілді (№ 40 хаттама, 23.04.2026 ж.).
Курс бағдарламасының авторы – PhD, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры Катаев Ердан Советович.
Курстың мақсаты – білім беру ұйымдары басшыларының басқару қызметіне қатысты құндылықтық-мағыналық көзқарасын қалыптастыру, тиімді білім беру менеджментін жүзеге асыруға қажетті көшбасшылық қасиеттері мен басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту.
Оқыту форматы: күндізгі және қашықтықтан.
Білім және менеджмент институты аталған курс бойынша кәсіби біліктілігін арттыруға ниетті педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларын оқуға шақырады.
Байланыс телефоны: 8-747-081-72-83
Курсты ұйымдастырушы: Бекмашева Ақтоты Нығметқызы
Мекенжайы: Н.Назарбаев, 194, 214/1- кабинет