Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тілдер және менеджмент»  факультеті «Есеп және қаржы» кафедрасында ғылыми семинар ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты- 2019 жылы «Есеп және қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша  талдау жасап, қорытынды шығару, осы жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау.

Семинарда кафедра бойынша шетелдік серіктес ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кафедра оқытушыларының кешенді тақырыптары сөз болды. Ресей елінің жоғары оқу орнының аспиранты Салимбаева Ш.Д. ғылыми жұмыстарының жүргізілу барысы жөнінде баяндады.

Сондай-ақ Thomson Reuters, Scopus сияқты шетелдік және отандық журналдарда ғылыми мақалаларды белсенді түрде жариялау туралы пікірлер айтылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz