Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің экология және биотехнология кафедрасында 2020 жылдың 16 қаңтарында ғылыми семинар өткізілді, ғылыми семинардың мақсаты – профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша қорытындылап және ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау.

Ғылыми семинарда кафедра оқытушылары гранттық бағдарлама шеңберінде ғылыми жоба, шаруашылық келісімшарттық, кешенді тақырыптар, зденушілік тақырыптар, докторант, аспиранттардың аралық және қорытынды есептерді; сонымен қатар ғылыми тақырып бағдарламасы мен әдістемелерін ұсынды.

Ғылыми семинар қорытындысы нәтижелерін Web of Science және Scopus индекстелетін басылымдарға, Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынған басылымдарда, халықаралық басылымдарда жариялау ұсынылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz