2020 жылдың 14-ші қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеждмент факультеті, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасында оқытушылардың ғылыми семинары өтті. Семинардың мақсаты – профессорлық-оқытушылық құрамының 2019 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қорытынды жасап, 2020 жылға ғылыми зерттеулерді жоспарлау.
Ғылыми семинардың бағдарламасы 5 бөлімнен тұрды:
- Шаруашылық келісім шарт тақырыбы
- Бастамашылық тақырыптар
- Аспиранттардың ғылыми тақырыптары
- Магистранттардың ғылыми тақырыптары
- Ғылыми семинарды қорытындылау
Ғылыми семинардың жетекшісі кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., проф. Доукариева У.К., хатшысы п.ғ.м., аға оқытушы Кенжегалиева Д.Р. болды.
Кешенді тақырып жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты Доукариева У.К., филология ғылымдарының докторы Бисималиева М.К., педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Сағынғалиева А.О. «Көптілді білім беруді енгізудің тұжырымдамалық негіздері» атты қорытынды баяндама жасап, көптілді білім берудің маңыздылығын атап өтті.
Ғылыми семинарға кафедра оқытушылары ф.ғ.к. Матжанова Г.Ж., ф.ғ.к., доцент Аманбаева З.Ж., ф.ғ.к. Мукашев Б. А., п.ғ.м. Бисалиева А.М., аға оқытушы Макашева Ф.Н., аға оқытушы Идрискалиева С.К., аға оқытушы Утебаева А.Х., аға оқытушы Исанова Л.А., аға оқытушы Ахметов Т.Р. қатысты.
Ғылыми семинарда сонымен қатар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары мен Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің 3 курс аспиранты Сатымова К.М. баяндама жасады.
Ғылыми семинардың қорытындысы мен ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша Web of Science және Scopus индекстелетін басылымдарда, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, халықаралық басылымдарда мақалалар жариялауға ұсыныстар берілді.


