Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетінің «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жыл 20 қыркүйек күні сағат 15.00-де бас ғимараттың конференц-залында «Ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырудың инновациялық жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысына Орал қаласының мектеп мұғалімдері, Орал білім беру бөлімі әдіскер-мамандары, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы қатынасты (жалпы қатыушылардың саны 50 адам).
Семинар ағымдағы жылдың тамыз айынан қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері бойынша жүргізіліп келетін әлеуметтік мониторинг барысы көрсеткіштеріне шолу жасалып, қысқаша комментарий беруден басталды. Мониторингтік жұмыс әлі де жалғасын табады.
Семинарда талқыға салынған мәселелер
- Бүгінгі күні тәрбиелеу, білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық құндылықтарды сіңірудің бағыттары;
- Мектепте мемлекеттік тілдің (қазақ тілі) меңгертілу, үйретілу сапасын арттыру жолдары, нәтижелігі;
- Мемлекеттік ой-сананы (идеологияны), азаматтықты, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру жолдары.
Педагогтардың ғылыми-әдістемелік бұл отырысында арнайы баяндама жасағандар:
- Кадрешова Салтанат Мажитқызы –36 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Білім берудегі ұлттық құндылықтардың өзектілігі»
- Раманова Айгүл Абиболлақызы – ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
«Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үрдістері мен трендтері»
- Даулеткереева Нұрлыгүл Жүзбайқызы – ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
«Тіл үйренушілердің пордуктивті және рецептивті дағдыларын қалыптастырудың жолдары»
- Утепова Айсулу Хасанқызы – 25 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Н.Айтұлының “Бәйтерек” поэмасын оқыту барысында оқушылардың бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастырудың инновациялық жолдары”
Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, арнайы сауалнама толтырылды. Көрнекті тіл білімі саласының ғалымдары мен тәжірибелі ұстаздар қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың түрлі өзекті мәселелеріне тоқтала келіп, оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізуде, ұлттық ой-сананы оқу-тәрбие жұмысында жетілдіруде ортақ жобалар құру қажет деген шешімге келді. Жоба үлгісі жақына арада ұсынылатын болады.
