Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, «Педагогика және психология» кафедрасының ұжымымен  облыстық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі 2022 жылғы 13  қыркүйек күні қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері мен  мектепке дейінгі ұйымдарының  тәрбиешілерімен  «Ұлттық құндылықтарды бөбектер мен бүлдіршіндердің бойында қалыптастырудың инновациялық жолдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған отырысты ұйымдастырушылар «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.С.Кинжекова мен модератор  ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор  А.Ә.Әбілманов қатысушылармен бірге мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндеріне  ұлттық құндылықтарды білгізу, дәстүрге үйрету, жоғары оқу орны мен практик мамандардың ортақ жұмысы барысында іс-тәжірибе алмасу, озық әдістемені насихаттау, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен әдіскерлерінің бүгінгі өзекті мәселелерін талқылау мақсатында біраз ортақ жайттар қарастырылды.

     Дөңгелек үстелге қатынасушылар:

  1. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері – Ж.С.Адиева
  2. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері- А.Ж.Сарсенова
  3. №5 «Сәуле» бөбекжайының әдіскері – Н.Т.Хабибуллина
  4. №17 «Родничок» бөбекжайының әдіскері- В.С.Торемуратова
  5. №25 ЖОББМ әдіскері- К.Қ.Убишева
  6. №38 «Жазира» бөбекжайының әдіскері- Н.К.Ишангалиева
  7. №29 «Балауса» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі- А.Ғ.Аққалиева
  8. №37 ЖОББМ МАД тәрбиешісі, жетекшісі- М.С.Жұбай

     Отырыста мына мәселелер талқыға салынды:

 –     Бүгінгі күні тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық құндылықтарды сіңірудің бағыттары;

 –      Бөбекжайлар мен балабақшаларда мемлекеттік тілдің (қазақ тілі) меңгертілу, үйретілу сапасын арттыру жолдары, нәтижелігі;

–  Мемлекеттік ой-сананы (идеологияны), азаматтықты, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру жолдары.

        Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері- Ж.С.Адиева   «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат» туралы жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттағы өзгерістермен таныстырды.

        №17«Родничок» бөбекжайының әдіскері – В.С.Торемуратова «Бүгінгі күнгі тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

        Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – Г.Қ.Джонисова «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие жұмысын ұлттық мазмұнда ұйымдастырудың жаңа бағыттары мен перспективасы» атты тақырыбында ұлттық тәрбиені халық педагогиасымен ұштастырып, меңгертудің тиімді әдістері жайында ой түйіндеді.

       Дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан түрлі пікірталастар туындап, отырыс соңында жеке көзқарастары мен ұтымды ұсыныстары сараланды. Аталған жұмыс тобының отырысы жалғасын табатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.