Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының мүшесі және Жаңа буын көшбасшылары альянсының мүшесі болып табылатын Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Университеттер қауымдастығы мен ғылыми-зерттеу орталықтарының XXIV Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты.
XXIV Бас Ассамблея 2022 жылғы 4-7 қазан аралығында Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінде аралас форматта өткен II Каспий экономикалық форумы жұмысының күн тәртібіне енгізілді. Форум жұмысына Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының 30-дан астам жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.
Қауымдастық алдында тұрған ағымдағы міндеттерді талқылап, елдердің үйлестірушілері өкілдерінің баяндамаларын, дөңгелек үстелдерге қатысушылардың баяндамаларын тыңдап, 2021-2022 жылдардағы қауымдастық жұмысын қорытындылай келе, XXIV Бас Ассамблеяның қатысушылары қауымдастық қызметінің өңірлер деңгейінде ғана емес, жалпы Каспий өңірі елдерінде де маңыздылығы мен танымалдылығының артқанын, жүргізілетін зерттеулердің ғылыми және әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Каспийдің биоалуантүрлілігін зерттеу саласындағы жетістіктерді қоса алғанда, Каспий өңірінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемалары жөніндегі қауымдастыққа мүше жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының халықаралық ынтымақтастығын кеңейту қажеттілігіне баса назар аударылды.
Форум жұмысына х.ғ.д., профессор, БҚИТУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бурахта В.А., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, бірінші проректордың және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а. Машанова С.А., п.ғ.к., қауымдастырылған профессор, стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор Мұхамбетқалиев А.С., мәдениеттану магистрі, ИГФ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Құрманова Ж. Б., аға оқытушы Жұбанышев Б.У., БҚИТУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жастлек Н.О. қатысты.
“Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің жаһандық “Жасыл “күн тәртібі” пікірталас алаңының жұмысына экономика ғылымдарының магистрі, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Оразова “Қазақстан Республикасындағы жастар кәсіпкерлігі” баяндамасымен қатысса, “Менеджмент” ББ III курс студенті Е. Ларин “Қазақстан Республикасы цифрлық экономиканы дамыту жолында” баяндамасымен сөз сөйледі.
Бас Ассамблеяның қатысушылары Каспий маңы елдері университеттері қауымдастығы ішіндегі ғылыми, мәдени және білім беру ынтымақтастығының маңыздылығына назар аудара отырып, Қауымдастық Университеттерінің Каспий маңы университеттері арасында неғұрлым тығыз көпжақты байланыстар орнату арқылы білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қызметін нәрлендіретін негізгі көздердің бірі бола алатындығын атап өтті.
БҚИТУ ғылыми бөлімі
