2022 жылдың 7 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультеті «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері және эдвайзер аға оқытушы Г.М. Умбетованың ұйымдастыруымен «100 СҰХБАТ» мотивациялық кездесу бағдарламасы аясында «Қыз тәрбиесі- ұлт болашағы» тақырыбында «Білім беру» ісінің үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тасимова Айслу Ахмадиевнамен кездесу өткен болатын. «Қыз тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің» демекші, қазақ халқы қай уақытта болмасын отбасындағы қыз тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Осы өзекті мәселе жөнінде профессор Тасимова Айслу Ахмадиевна келін болып түскен кезден отанасынан айналған кезге дейінгі өмір деректерін үлгі ете отырып, ұстаздық, ғылым жолындағы тәжірибесімен және шетелдегі білім алған кезеңдегі европалық қыз тәрбиесі мен салыстырмалы түрде қызықты баяндады.
