Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл саясатын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 28 қарашасында Орал қаласында «Қазақтың ұлттық коды – төл жазу» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Тілдерді дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін өңірлік басқармалардың өкілдері, сондай-ақ әліпбидің латын графикасына көшуін әзірлеуге жауапты ұлттық сарапшылар қатысты. Конференцияға әліпбидің латын графикасына көшу мәселелерін зерттейтін Қазақстан, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының жетекші мамандары тартылды.

Конференцияны Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселелері мен жолдарын талқылау, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту бойынша ғалымдардың пікір алмасу болды. Түркиядан, Әзірбайжаннан, Өзбекстаннан келген ғалымдар әліпбидің латын әліпбиіне көшу тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар жаһандану мен цифрландыру контекстінде мемлекеттік тілдің даму тақырыбын, латын графикасының әлемдік интеграция жолындағы маңыздылығын, латын графигінде мемлекеттік тіл әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуді талқылады.

Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстардан басқа, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуінің өзекті тақырыптарына арналған дөңгелек үстел, Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиін енгізу проблемалары мен болашағы бойынша орта білім беру мектептерінің педагог қызметкерлеріне арналған мастер-кластар өткізілді.

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы жарық көрді.

 

Скачать программу конференции

Скачать сборник конференции

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz