Қараша айының 27-28 аралығында өткен Қазақстан студенттерінің Альянсының XV Республикалық шақырылымының бір күні республикамыздын 16 өңірінен келген жастарды бір арнаға тоғыстырды. Олар NurOtanTalks атты пікірталас алаңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Сағатханұлы, қоғам қайраткері, «Милосердие» ерікті қоғам қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саин, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және «Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя Елбасының бастамаларын іске асыруға қосқан жеке үлестері туралы әңгіме қозғап, алаңға жиналушылар өз көкей тесті сұрақтарын қойды. Сонымен қатар Қазақстан Студенттері Альянсы көшбасшысы Ильяс Түстікбаевпен және республикамыздың өңірлік көшбасшысыларымен кездесті. Жиын барысында Елбасымыздың келер жылды Жастар жылы етіп бекіткенің және келер жылға қойған жоспарлары туралы қатысушылармен бөлісті. Ал 2 күн өңірлерден келген қонақтар экскурсиямен Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ барып Күлтегін музейін, кітапxана, Елбасы залын, коворкинг, жастар орталықтарын көріп, танысып қайтты! Ал салттанатты жабылу рәсімінде үздіктердің үздігі марапатталды! Жаңа жылға, Жастар жылына жоспарлар құрылды! Шақырылымның құрметті қонағы болып студент жастармен Білім және ғылым вице-министрі Асxат Қанатұлы Аймағамбетов қатысты!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz