«Ел басы-ел тірегі» атты Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президент күніне арналған кітап  көрмесі.

27 қараша күні БҚИТУ ИТФ кітапханасында «Ел басы-ел тірегі» атты Қазақстан республикасының Тұңғыш президент күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты-Мемлекет басшысының идеялары мен саясаты, қоғамда жас ұрпақтың арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тәуелсіздік жылдарындағы өмірі мен қызметі, отандық және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктер туралы кітаптар насихатталды. Көрмені  факультеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер тамашалады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz