2026 жылдың 1 қазанында 6В07201 Мұнай-газ ісі және 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламаларының білім алушылары Орал қаласындағы Табиғат және экология музейіне танымдық экскурсия жасады. Экскурсияның мақсаты – білім алушылардың табиғат пен қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, экологиялық мәдениетін арттыру және туған өлкенің табиғи ерекшеліктерімен таныстыру.
Экскурсия барысында білім алушылар музей экспозицияларымен танысып, Батыс Қазақстан өңірінің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың заманауи мәселелері туралы ақпарат алды.
Студенттердің ерекше қызығушылығын өңірдің табиғи мұрасы және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы ақпараттар тудырды. Экскурсия білім алушылардың теориялық білімдерін практикалық мәліметтермен толықтырып, экология, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Танымдық іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтіп, білім алушыларға жағымды әсер қалдырып, жаңа білім алуға мүмкіндік берді.

