2026 жылдың 1 қазанында мұнай-газ инженериясы кафедрасында 1-4 курс білім алушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқу үдерісін ұйымдастыру, кредиттік оқыту жүйесі, академиялық адалдық және университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды.

Кафедра меңгерушісі Калешева Г.Е. студенттерге білім алуға жауапкершілікпен қараудың, сабақтарға тұрақты қатысудың, белгіленген талаптарды сақтаудың, сондай-ақ кафедра мен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Академиялық қызмет департаментінің жетекшісі Джубаялиева А.К. білім алушыларға кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері, оқу пәндеріне тіркелу тәртібі, жеке білім беру траекториясын қалыптастыру және академиялық кредиттерді игеру мәселелері бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар академиялық адалдық, оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау, ағымдағы және қорытынды бақылау барысында белгіленген талаптарды сақтау, сондай-ақ білім алушылардың құқықтары мен міндеттері мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты қажетті түсіндірмелер алды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім алушыларға оқу үдерісіне қойылатын талаптар мен университеттік ортадағы тәртіп ережелері туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz