2025 жылғы 22 қыркүйекте 6В09103/6В09104 Ветеринария ББ 1-2 курс білім алушылары үшін ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы ZooDoctor ветеринарлық орталығының базасында «Ветеринарлық фармакология және токсикология» пәні бойынша тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. Сабақты ZooDoctor ветеринарлық орталығының бас дәрігері Е.В.Шелкунова және ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушылары Н.О. Абатова, Р.І. Ақатова өткізді.

Клиникада тәжірибелі, кез келген жағдайда үй жануарларына көмек көрсетуге дайын ветеринар мамандар жұмыс жасайды. Зертханалық талдауларды, рентгенографияны және ультрадыбыстық зерттеуді қоса алғанда, заманауи жабдықтар пайдаланылады, бұл диагнозды тез және дәл қоюға мүмкіндік береді.

ZooDoctor ветеринарлық орталығында тәжірибеге бағытталған сабақ студенттерге теориялық білімдерін практикада қолдануға, сонымен қатар түрлі дәрілік заттың түрлерімен және препараттармен танысуға, оларды клиникалық пайдаланудың нақты мысалдарын қарауға, интоксикация кезінде көмек көрсету және жануарларда дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдануға мүмкіндік берді.

Сабақтың негізгі мақсаты білім алушылардың практикалық құзыреттіліктерін дамыту, оның ішінде: заманауи ветеринариялық препараттарды, олардың жіктелуін, дозаларды есептеу қағидаттарын және дәрілерді енгізу тәсілдерін игеру; уланудың клиникалық жағдайларын, олардың көздерін және тән белгілерін талдау; шұғыл көмек көрсету және ерекше терапия әдістерін қолдану алгоритмдерін пысықтау.

Практикаға бағдарланған сабақтарды өткізу Ветеринария ББ түлектерінің кәсіби қалыптасуына ықпал етіп, олардың өндірістегі болашақ қызметке табысты бейімделуін қамтамасыз етеді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz