2025 жылдың 21 қыркүйегінде 6В07205 Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының күндізгі бөлімінің 1 курс студенттері Хадиша Бөкеева  атындағы  Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына барды.

Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесінің желісі бойынша қойылған спектакльді зор қызығушылықпен тамашалады. Қойылым соғыс жылдарындағы тылдағы ауыл халқының ауыр тұрмысын бейнелейді. Спектакльдің басты кейіпкері – Жәмилә, шығыс дәстүрлеріне қарамастан, өзінің еркін таңдауын жасап, жүрек қалауына сай өмір сүруге ұмтылған батыл әйел бейнесі. Оның тағдыры — мұңға толы, бірақ ішкі күш-жігері мен азаттыққа деген құлшынысы көрерменге терең әсер қалдырады.

Театрға бару студенттерге әлемдік әдебиеттің классикасымен танысуға, ұлттық театр өнерінің атмосферасын сезінуге және мәдени көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және театр өнеріне деген қызығушылығын дамытуға септігін тигізеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.