2025 жылғы 22 қыркүйекте ЗКИТУ салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Днекешев А.К. жетекшілігімен ВЕТ-32О тобының студенттері үшін «Ветеринариялық хирургия» пәні бойынша СПК «Шамшырақ» базасында практикалық-бағдарлы сабақ ұйымдастырылды.
Практикалық-бағдарлы сабақты кәсіпорынның бас ветеринариялық дәрігері Ғани Айдар Асқарұлы және ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Аманжол Құсайынұлы Днекешев жүргізді. Сабақ барысында студенттер малды сою пунктіндегі бүкіл технологиялық үдерісті егжей-тегжейлі зерттеп, әртүрлі жануарлардың ұшаларының мысалында лимфа түйіндерінің және басқа да анатомиялық түзілістердің топографиялық анатомиясымен танысты. Кәсіпорынның ветеринариялық маманы жануарлар үстінде топографиялық аймақтардың шекараларын, хирургиялық көмек көрсету кезінде қолданылатын тиімді кесу әдістерін көрнекі түрде көрсетті.
Сабақтың екінші бөлігі муляждармен, анатомиялық стендтермен және макеттермен жабдықталған арнайы оқу сыныбында өтті. Мұнда студенттер ағзалардың топографиясын анықтау, хирургиялық қолжетімділікті белгілеу және үлгілік макеттерде тігіс салу элементтерін орындау дағдыларын пысықтап, практикалық құзыреттерін жетілдірді.
Осындай кафедра филиалдары базасында өткізілетін практикалық-бағдарлы сабақтар «Ветеринария» білім беру бағдарламасының болашақ мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, теория мен тәжірибенің байланысын нығайтуға және студенттердің болашақ кәсіби қызметке сәтті бейімделуіне мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, кафедра филиалдарының базасында оқу үдерісін шағын топтармен ұйымдастыру оқу материалын терең меңгеруге және түсінуге ықпал етеді. Мұндай сабақтар форматы студенттердің пікір алмасуына, өз ойларын еркін жеткізуіне, тәжірибелерімен бөлісуіне және нақты сұрақтар қоюына жағдай жасайды. Нәтижесінде теориялық білімді меңгеру сапасы артып, практикалық дағдылары айтарлықтай жетіледі, бұл болашақ ветеринар мамандарды кәсіби даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады.
Кафедра ұжымы СПК «Шамшырақ» директоры Асқар Маратович Мендығалиевке және барлық ветеринар мамандарына осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдіреді.

