2022-2023 оқу жылы қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті,  Педагогика факультетінің оқытушылар құрамы мен студенттері арасында «Жыл үздігі – 2022» байқауы жарияланды.

Аталмаш байқау 2014 жылдан бері білім беру жүйесінің дамуына ерекше үлес қосқан оқытушыларды, университетке ерекше адалдығымен еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттауға және жүзеге асыруға үлесін қосқан, әр сала бойынша өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды анықтау мақсатында жыл сайын өтіп келеді.

Ұйымдастырылған байқау 10 негізгі аталымнан тұрады. Білікті мамандардан құрылған комиссия үздіктерді анықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Байқауда қатысушының тек 2021 жылғы жетістіктері ғана қаралды.  

Оқытушылар арасында «Жыл адамы – 2022» аталымы бойынша п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С.Иргалиев, «Үздік ғалым» аталымы бойынша аға оқытушы, психология магистрі Н.Ж.Султаниязова, «Үздік қызметкер» аталымы бойынша фельдшер Т.С.Сүтібаев, «Үздік эдвайзер» аталымы бойынша  аға оқутышы, экономика ғылымдарының магистрі Д.С.Тогашева, «Үздік оқытушы-әдіскер» аталымы бойынша б.ғ.к, қауымдастырылған профессор Г.В.Уракчинцева, марапатталды.

Студенттер арасында  «Жыл студенті» аталымы бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ж.Төлегенова, «Оқу үздігі» аталымы бойынша «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Р.Филипов, «Жас ғалым» аталымы бойынша «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Я.Щербакова және «Менеджмент»  білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Е.Ларин, «Спорттағы жетістігі үшін» аталымы бойынша «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Б.Бақыт, «Университет имиджін қолдағаны үшін» аталымы бойынша «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттерінен құрылған «Батыс қырандары» тобы марапатталды.  

Кеш барысында Орал қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы Нұржанов., Батыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Галиев Ерлан Ерсайынович., Хадиша Бөкеева атындағы облыстық Қазақ драма театрының директоры Тасболатов Нуржан Кадыржанұлы., 

«Аманат» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары, Орал қалалық мәслихатының депутаты – Кенесары Бекболатұлы Нуршинов., Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңірген жаттықтырушы, Батыс Қазақстан облысының гір спорты және қол күресі федерациясының президенті Ибатов Мұрат Қолғанатұлы., «Uniserv Medical Center» медициналық орталығының менеджмері  Божко Анастасия Владимировна., Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы, “Шапағат” мемлекеттік наградасаның иегері Жусипкалиев Дулат Нұрбергенұлы қатысып, өздерінің жылы лебіздерін айтып, әр аталым бойынша жеңімпаздарды марапаттады.

Сонымен қатар облысымыздың белгілі өнерпаздары сахнада өз өнерлерін көрсетті. Байқауда топ жарған жеңімпаздарды құттықтай отырып, тек қана биік белестерден көріне берулеріңізді тілейміз.    

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті әкімшілігі және тәрбие ісі жөніндегі бөлім

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz