2022 жылдың 28 желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогика факультетінің Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Г.М. Умбетованың ұйымдастыруымен кафедра филиалы МКҚК №10 “Балапан” бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын анықтаудың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында 5-6 жастағы балаларды мектепке даярлау барысында отбасында және балабақшада жүргізілетін педагогикалық-психологиялық шараларға тоқталып, балалардың психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік дайындығын анықтайтын әдістемелер талданып, балалардың мектепке дайындығын қалыптастыруға арналған ойын-жағдаяттар және тренингтер өткізілді.