Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Сәулет және Құрылыс» кафедрасының аға оқытушылар Койбагарова Л.Т., Умерешова С.Г. және оқытушы Гизатулла Т.Г. 6В07301-«Сәулет», 6В07302-«Құрылыс», 6В07303-«Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша Орал қаласының №20 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді, университетке техникалық білім беру бағдарламаларын тапсыруға қызығушылық танытты. Кездесуге 11 сынып оқушылары қатысты, кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында білім беру бағдарламасы бойынша презентация ұсынылды, оқушылар көптеген сұрақтар қойды, кафедра оқытушылары оқушылардың өздеріне қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған ақпарат тақтасында біздің университеттің буклеттері қалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz