Ақпан айының 2-сі №5 қалалық кітапхана филиалында басылым күніне орай ұйымдастырылған «Журналистика – қоғам тілі» атты журналист Шағатай Ләззат Ғиниятқызы, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті редакторының орынбасары Бияшева Гүлсезім Ерболатқызы, PR-менеджер, медиатренер Ақмоншақ Мақсотқызымен кездесуге БҚИТУ, салалық технологиялар институтының «Сәулет» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. Шарада журналистика саласына байланысты әртүрлі сұрақтар қойылып, медиатренинг өткізілді. Аталған шараға студенттер белсене қатысты.

