Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасымен №16 жалпы білім беретін мектебінде мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсаты – оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу және еңбек нарығы талаптарымен таныстыру.