Білім беру сапасын арттыру және сенімді нығайту мақсатында 2026 жылғы 3-ақпанда 6В01401 – Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы топтарында Дене шынықтыру және информатика кафедрасының аға оқытушысы, магистр, ФКС-121  тобының эдвайзері Гришин Роман Витальевичтің ұйымдастыруымен «Білім алушылардың Ар-намыс кодексі» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында білім алушылар БҚИТУ студенттерінің мінез-құлқының моральдық-этикалық нормаларының негізі болып табылатын Кодекстің негізгі қағидалары мен талаптарымен таныстырылды, атап айтқанда:

-академиялық адалдықты сақтау (плагиатқа, көшіруге, жалғандыққа жол бермеу);

-оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен қарау, ұлттық, діни және жыныстық белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

-ішкі тәртіп ережелері мен оқу тәртібін сақтау;

-университет мүлкіне ұқыпты қарау;

-белсенді азаматтық ұстанымды және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шарада Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін білім алушылардың жауапкершілігіне, сондай-ақ студенттің оқу және қоғамдық өмірдегі университет имиджінің өкілі ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шара әңгімелесу және пікір алмасу форматында өтті. Білім алушылар білім беру үдерісіндегі адалдықтың, жауапкершіліктің және өзара құрметтің маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Қорытындылай келе, білім алушылар Ар-намыс кодексін сақтау болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық мәдениетін қалыптастырудың ажырамас бөлігі екені атап өтіті. Студенттер Кодекс талаптарын ұстану қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, сенімді нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететіндігі туралы қорытынды жасады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz