2022 жылдың 17 ақпан күні Тілдер және менеджмент факультеті «Экономика және менеджмент» кафдрасының жоспарына сәйкес «Жауынгерлік борышты өтеу- жеңіспен бірдей» атты патриоттық кеш өткізілді.
Шараның мақсаты – жастардың бойында Жаңа Қазақстандық патриотизм қағидаттарын қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, әскери қызметтің беделін арттыру. Патриоттық кешті факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Е. Нұғыманова жүргізді.
Кездесуге Батыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие-идеологиялық бөлімінің бастығы майор Ахметкалиев Қуат Уразгалиевич, Батыс Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ораш Нұрхат Серікқалиұлы, Қазақстан Республикасының «Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығастарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасы Имангалиев Марлен Ғилманұлы және ардагер Умбетов Талап Азмухамбетович қатысты.
Кездесу барысында жастардың қоғамдық-әлеуметтік өмірге араласуы, адамгершілік, ел бірлігі турасындағы мәселелер қозғалды.
Кеш қонағы Қуат Уразгалиевич патриоттық тәрбие елдің мемлекеттік -жастар саясатының құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
Іс-шараға университетіміздің 1-3 курс студенттері қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz