2024 жылдың 19-26-қазаны аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Раманова Айгүл мен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кусаинова Дина АР 19679282 «Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілі – рухани, мәдени құндылықтар әлемі» атты гранттық жоба аясында Ресейдің Мәскеу қаласында ғылыми іссапарда болып қайтты. Ғалымдар Ресей мемлекеттік кітапханасында және шығыс әдебиеті орталығында жұмыстанып, мол ғылыми-әдістемелік материал жинақтады.
Сонымен қатар ғалымдар сапар барысында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Сыздыкова Жибек Сапарбековнамен кездесіп, ғылыми жоба мақсаттарымен таныстырып, пікір алмасты.




