2024 жылғы 12 қазанда құқық кафедрасында «Криминалистика» пәні бойынша Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Криминалистикалық трассология» тақырыбы бойынша БҚО полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті полиция подполковнигі А. М. Малаевпен қонақ дәріс өткізілді.
Сабақ барысында осы басқармада 20 жылдық практикалық тәжірибесі бар криминалист маман криминалистикалық трассологияның мақсатын, оның практикада қолданылуын мазмұнды түрде ашты. Аслан Мендуаевич іздестірудің теориялық негіздері, көлік құралдарының іздері, үй-жайларға кірген кездегі қылмыс құралдары, атыс қаруы мен суық қарудың іздері, қылмыс жасаған кезде адамның қолдары мен аяқтарының іздері мысалында қылмыс жасау механизмін көрсететін іздердің пайда болу заңдылықтары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Оқиға орнындағы жедел-тергеу тобының алдында оларды тіркеудің, бекітудің және оқиға орнынан алып қоюдың криминалистикалық техникасын қолдана отырып, осы іздерді табу жөніндегі міндеттерін түсндірді.
Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеру кезінде және оқиға орнында табылған іздер бойынша криминалистикалық зерттеу жүргізу кезінде криминалист мамандардың арнайы криминалистикалық техниканы қолдануы, олардың ішінде құрамында қажетті ұнтақтар, саусақ пленкалары, арнайы бекітетін ерітінділер, үлкейткіш әйнек және т. б. бар тергеу-криминалистикалық чемоданды қолдануды көрсетті.
Дәріскер сонымен қатар криминалист мамандардың ауыр қылмыстар мен оның мүмкіндіктері бойынша оқиға орнын тексеруге барған кезде біздің облыста жылжымалы криминалистикалық зертхананы практикада қолдануы туралы айтып берді. Қонақ оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.


