22  қазанда Құқық кафедрасында Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған Криминалистика пәні бойынша жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті полиция подполковнигі А.М.Малаев “Криминалистикалық трасология” тақырыбы бойынша тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізді.

Кафедраның арнайы жабдықталған криминалистикалық зертханасында өткізілген сабақ барысында криминалист-практик осы зертханада бар криминалистикалық техниканың қолданылуын айтып көрсетті.

Сонымен қатар, тергеу чемоданынан арнайы пленканы қолдана отырып, А.М. Малаев аяқ киімнің іздерін алды. Арнайы магниттік ұнтақ пен щетканы қолдана отырып, шкафтың әйнек есігінің бетінен адамның саусақтарының іздерін анықтап, бекітіп, алды.

Сонымен қатар, Аслан Мендуаевич сарапшының терезе жақтауын бұзу және қылмыскердің үй-жайға кіруі кезінде арнайы құралды қолдану бедерінің іздерін табу жөніндегі жұмысын көрсетті. Фонарь қолданылып іздерді анықтау, оларды суретке түсіру және мылтықтағы ізді алу. Сондай-ақ, оларды ресімдеу тәртібін және кейіннен олар бойынша тергеуші криминалистикалық сараптамаларды тағайындауды түсіндірді.

Сабақ оқушылардың қызығушылығын тудырды, қонақ қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz