2025–2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша көлік және технология кафедрасының білім алушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бос білім беру гранттарына ие болды.
Бұл маңызды жетістік олардың табанды еңбегінің, жоғары академиялық үлгерімінің және семестр бойы белсенді жұмысының нәтижесі болып табылады. Гранттарды алу – қол жеткізілген нәтижелердің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар көлік және техникалық ғылымдар саласында одан әрі кәсіби дамуға жасалған сенімді қадам.
Грант иегерлерінің қатарында 6В07104 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының білім алушылары: Мезенец Данил Викторович (ТМО-32 О), Батырбекұлы Дастан (ТМО-11 О), сондай-ақ 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасының білім алушылары: Дерксен Владислав Вадимович (ТТТ-22 О), Лебедев Ярослав Витальевич (ТТТ-12 О), Гузь Давид Иванович (ТТТ-32 О), Романченко Егор Евгеньевич (ТТТ-32 О).
Кафедра атап өткендей, гранттарды алу білім алушылардың білім беру траекториясындағы маңызды кезең және олардың бәсекеге қабілеттілігі мен жоғары дайындық деңгейінің дәлелі болып табылады.
Білім алушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз және оқуда, ғылыми қызметте және кәсіби қалыптасуда алдағы уақытта да табыс тілейміз!